Нәрестенің төсек орнын халықаралық тәжірибеге сәйкес қалай дайындап қою керек

Қазіргі заманда жаңа туған баланың төсек орнын ұйымдастыру стандарттары әлдеқайда өзгерген. Бұл негізінде бала денсаулығына және өміріне қауіпсіз ортаны ұйымдастыруға бағытталған және көлемді халықаралық зерттеулерге негізделген.

Алғашқы бірнеше айда сізге балаға арналған төсек орын немесе бесік қажет болады. Балаңыз қауіпсіз, жылы және сізден алыс емес жерде ұйықтау қажет.

Егер сіз бұрын қолданған төсек немесе бесікті пайдаланатын болсаңыз, кем дегенде жаңа матрас алсаңыз жақсы. Матрастың үстіне су өткізбейтін қорғайтын жамылғы қажет.

Сонымен сізге қажет:

  • Балаңыздың басын ұстап, тұншығып қалмауы үшін, шетінен бос орын қалдырмай, төсекке жақсы сәйкес келетін қатты матрац.
  • Матрасты жабуға арналған простыня – сізге кем дегенде 4 дана қажет, өйткені оларды жиі өзгерту керек. Жағдай болса резинкамен орнатылатынын алыңыз.
  • Пеленкалар – 2-3 дана.

Жастықтар мен көрпелерді пайдаланбаңыз – олар тұншығу қаупіне байланысты бір жасқа толмаған нәрестелер үшін қолдануға ұсынылмаған. Көрпелер де нәрестеңізді тым ыстық етуі мүмкін.

Балаңыздың иық деңгейінен төмен мықтап тығылған пеленкалар және нәресте ұйықтайтын арнайы қапшық балаңыздың ұйықтауы үшін қауіпсіз.

Аналар сайты ақпараты бойынша.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *