Өмірдің алғашқы айларына нәрестенің жылы әрі таза болуға жеткілікті киім сатып алу қажет. Қазіргі заманда нәресте киімінің алуан түрлілігіне байланысты, кейбірі басқаларға қарағанда ыңғайлы болады, соларды сатып алу жөн:
- Слип 4 дана – нәрестені қолдан аяққа дейін жабатын ең ыңғайлы киім болып табылады. Таңдағанда бастан аяққа дейін заклепкалармен немесе молниямен ашып-жабылатынын таңдаңыз. Себебі, бас арқылы киіндіретін саби киімдері ыңғайсыз. Ең жақсы таңдау – молниямен жабылатын. Слип алсаңыз царапка алуға қажеті жоқ.
- Носки 2 дана – көбінесе слиптің үстіне кигізіледі. Сондықтан үлкенірек размер алыңыз.
- Распашонка және ползунки шалбар 2 дана – ыстық климатта ыңғайлы болады, себебі вентиляциясы жақсылау. Егер нарестеңіз суық ауа райы мезгілде туса, онда распашонка мен шалбар орнына қосымша 2 слип алсаңыз да болады.
- Жеңіл бас киім 2 дана – шомылғаннан кейін, суық бөлмеге және серуенге киюге қажет болады.
- Жеңіл пеленка 4 дана – жалпы және ұйықтаған кезде орауға қажет. Сондай-ақ емізу үшін орауға керек болады.
- Муслин немесе жылы пеленка 2 дана – көбінесе түнде ұйықтау үшін қажет. Сонымен бірге ішең коликасы болған жағдайда қарынын орауға ыңғайлы.
- Нәрестелерге арналған орамал 2 дана – муслин пеленкамен ауыстыруға болады. Шомылудан кейін кептіру үшін қажет.
Ауа райы аяз болса қосымша қажет киімдер:
- Комбинезон – пуховик түрінде немесе тоқылған болуы мүмкін. Төменгі жағы конверт тәріздес комбинезонмен ауыстыруға болады.
- Конверт асты флис комбинезон – егер конверт немесе төменгі жағы конверт тәріздес комбинезон алатын болсаңыз, қосымша флис комбинезон қажет болады. Флис денеден ылғалдылықты жақсы шығарады.
- Жылы шапка
- Жылы қолғап
Добавить комментарий