Жаңа туған балаға қандай киім сатып алу қажет (алғашқы айларға)

Өмірдің алғашқы айларына нәрестенің жылы әрі таза болуға жеткілікті киім сатып алу қажет. Қазіргі заманда нәресте киімінің алуан түрлілігіне байланысты, кейбірі басқаларға қарағанда ыңғайлы болады, соларды сатып алу жөн:

  • Слип 4 дана – нәрестені қолдан аяққа дейін жабатын ең ыңғайлы киім болып табылады. Таңдағанда бастан аяққа дейін заклепкалармен немесе молниямен ашып-жабылатынын таңдаңыз. Себебі, бас арқылы киіндіретін саби киімдері ыңғайсыз. Ең жақсы таңдау – молниямен жабылатын. Слип алсаңыз царапка алуға қажеті жоқ.
  • Носки 2 дана – көбінесе слиптің үстіне кигізіледі. Сондықтан үлкенірек размер алыңыз.
  • Распашонка және ползунки шалбар 2 дана – ыстық климатта ыңғайлы болады, себебі вентиляциясы жақсылау. Егер нарестеңіз суық ауа райы мезгілде туса, онда распашонка мен шалбар орнына қосымша 2 слип алсаңыз да болады.
  • Жеңіл бас киім 2 дана – шомылғаннан кейін, суық бөлмеге және серуенге киюге қажет болады.
  • Жеңіл пеленка 4 дана – жалпы және ұйықтаған кезде орауға қажет. Сондай-ақ емізу үшін орауға керек болады.
  • Муслин немесе жылы пеленка 2 дана – көбінесе түнде ұйықтау үшін қажет. Сонымен бірге ішең коликасы болған жағдайда қарынын орауға ыңғайлы.
  • Нәрестелерге арналған орамал 2 дана – муслин пеленкамен ауыстыруға болады. Шомылудан кейін кептіру үшін қажет.

Ауа райы аяз болса қосымша қажет киімдер:

  • Комбинезон – пуховик түрінде немесе тоқылған болуы мүмкін. Төменгі жағы конверт тәріздес комбинезонмен ауыстыруға болады.
  • Конверт асты флис комбинезон – егер конверт немесе төменгі жағы конверт тәріздес комбинезон алатын болсаңыз, қосымша флис комбинезон қажет болады. Флис денеден ылғалдылықты жақсы шығарады.
  • Жылы шапка
  • Жылы қолғап

Аналарға арналған ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *