Жаңа туған бала осы 2 себептен тоқтамай жылауы мүмкін

Баланың шамадан тыс, тоқтамай жылауының бірнеше себептері бар.

Егер сіз барлық себептерін қарастырып және нәрестеңізді еш нәрсе тыныштардырмаса, бұл өте шаршатады.

Колика

Шамадан тыс тоқтамай жылау сіздің балаңызда колика болуының белгісі болуы мүмкін.

Коликаға дәл себеп не болатын туралы біркелкі көзқарас жоқ. Кейбір дәрігерлер ол ас қорыту жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты деп ойлайды.

Колика кезінде жылау қайғылы және мазасыз естіледі, біресе тоқтайды, содан кейін қайтадан басталады. Бұл, асқазанның немесе ішектің ауырсыну толқындарынан туындауы мүмкін екенін көрсетеді.

Жылау бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Балаңызды тыныштыруға тырысып, жылаудың аяқталуын күтуден басқа аз нәрсе жасауға болады.

Ауырып қалуға байланысты жылау

Егер сіздің балаңыз үнемі жылап жатса және сіз оны жұбата алмасаңыз, немесе көңілін аудара алмасаңыз, немесе жылау әдеттегі жылағандай естілмесе, бұл нәрестенің ауырып қалғанының белгісі болуы мүмкін.

Немесе нәресте жылап жатса және жоғары температура сияқты басқа белгілері болса, ол да ауырудың белгісі болуы мүмкін. Егер бұлай болса, тұрып жатқан мекен жайыңыз бойынша учаскелік педиатрға хабарласыңыз. Сіз сол мекен жайдың поликлиникасына тіркелмеген болсаңыз да, олар жаңа туған нәрестеге патронаж жасап, медициналық көмек көрсетуге міндетті.

Кейбір жағдайларда шұғыл медициналық көмек қажет болуы да мүмкін. Сол кезде 103 немесе 119 телефонына хабарласып жедел жәрдем шақырған болады. Мысалы:

  • Судорога, құрысу болса.
  • Терісі ала, күлгін, сұр, немесе өте бозғылт.
  • Инертті, жауап реакциясы аз немесе жоқ, иілгіш немесе әдеттегідей оңай оянбайды.
  • Тыныс алу кезінде жедел ауа жұтып тыныс алады, немесе жұлдыру дыбысын шығарады, немесе тыныс алу үшін қатты жұмыс істеп жатқан сияқты, немесе дем алу кезінде кеудесі ішке тартылып жатқан сияқты.
  • Фонтандап қатты құсу.
  • Жоғары температура, бірақ қолдары мен аяқтары суық.
  • Дененің кез келген жерінде дақты күлгін-қызыл бөртпенің пайда болуы – менингиттің белгісі болуы мүмкін.

Интуицияға сеніңіз. Сіз балаңыздың мінез-құлқының неден ерекшеленетінін немесе мазасыздандыратынын білесіз.

Ақпарат Аналар сайтының ақпаратына негізделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *